Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «ТАРИХ ҒАСЫРЛАР КУӘСІ—КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНА—220 ЖЫЛ» дөңгелек үстелі.
22
декабрь
2022

«ТАРИХ ҒАСЫРЛАР КУӘСІ—КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНА—220 ЖЫЛ» дөңгелек үстелі.

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектептің кітапханасында тарих пәнінің мұғалімі Медетов Қанат ағайдың ұйымдастыруымен және 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих ғасырлар куәсі—қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлына 220 жыл» дөңгелек үстелі өтті. 
Медетов Қ.: Ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының елі үшін, қазақ халқы үшін жасаған ерлігіне тоқталып, Кенесары бастаған көтерілістің негізгі мәнін ашып, қолбасшылық, ұйымдастырушылық қабілетін айтып шықты. 
Оқушылар Кенесары Қасымұлының балалық шағына, ел басқарған парасатты қолбасшылығына, көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолындағы асқан қайсар мінезі мен ғажайып дипломат, тарихи тұлғаның батырлығына тоқталды. 
Оқушыларға Кенесары ханның тарихта алар орнын, халқы үшін жасаған ерлік істерін, халықты біріктіру жолындағы еңбегін, қайратты қасиеттерін бойларына дарыту мақсатында өткен дөңгелек үстел өте әсерлі өтті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив