03
декабрь
2020
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігі
3.12.2020ж. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің жоспар бойынша әдістемелік отырысы өтті.
Әдістемелік отырыста ӘБ жетекші Балкыбекова Ш.Ж. әр сыныптың білім сапасын мониторингпен көрсетіп атап шықты. Отырыста оқушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысу туралы, қашықтықтан оқу кезіндегі қиындықтарды және тығырықтан шығу жолдарын туралы айтылды, Мұғалімдер сыныптың білім сапасын көтеру жолдарын қарастырды. Әртүрлі ұсыныстар негізінде BILIM LAND платформасының тиімді жолдарын ұсынды. Білім сапасы шынайы болуы үшін БЖБ, ТЖб жұмыстарын өз деңгейінде, оқушыға қол жетімді етіп құруы керектігі айтылды.