04
декабрь
2020
Математика және Информатика пәні бірлестігі
04.12.20ж. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте математика және информатика бірлестігінің жоспар бойынша әдістемелік отырысты өтті.Әдістемелік отырыста математика пәнінің жетекшісі Юлдашева С әр сыныптың білім сапасын мониторингпен көрсетіп атап шықты.Отырыста оқушылардың оқу үлгерімі,сабаққа қатысу туралы,қашықтықтан оқу кезіндегі қиындықтарды және тығырықтан шығу жолдары туралы айтылды.Мұғалімдер сыныптың білім сапасын көтеру жолдарын қарастырды.Әр түрлі ұсыныстар негізінде BILIM LAND платформасының тиімді жолдарын ұсынды.Білім сапасы шынайы болуы үшін БЖБ,ТЖБ жұмыстарын өз деңгейінде,оқушыға қол жетімді етіп құруы керектігі айтылды.