21
апрель
2023
ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ - ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАҒИДАСЫ!
Бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған буллинг қазақ қоғамына жат. Буллинг (ағл. bullying) – үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы ортада қорлауы, қудалауы, мазалау дегенді білдіреді.
Осы мәселелердің алдын алып, қараңғылықты болдырмау мақсатында Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те күні бүгінге дейін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сынып сағаттары өтіліп, сауалнамалар алынып келді.
Міне, бүгін осы аталған мәселе бойынша мектептің педагог-психологтары Г.И.Абдикеримова , Ш.К.Дилдабекова және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Жұманованың ұйымдастыруымен кезекті жиналыс өткізілді. Жиналысқа 6-7 сыныптың ер балалары қатысты. Түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
