Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » “МЕЙІРІМДІЛІКТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!”
04
май
2023

“МЕЙІРІМДІЛІКТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!”

Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те қалалық  “Мейірім-Жүректен”  атты айлық жоспары негізінде “Үштік одақ” жобасы аясында  әкелер, аналар кеңесінің, ұлдар, қыздар клубының жұмысы туралы ашық есеп беру өткізілді. Кездесуге мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты. 
Кездесу барысында «Ұлдар», «Сымбатты қыздар» ұйымының жетекшілері Ұ.Алиев, С.Толыбаева жыл бойы оқушылармен жоспарлы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы уақытта  жұмыстарды жандандыру туралы және оқушыларға өзге де ұсыныстар, кеңестер беріп өтті. 
 «Әкелер» кеңесінің төрағасы И.Айтаев, «Аналар» кеңесінің төрайымы Н.Т.Қожабекова, жалпы оқу жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытынды есеп берді, алдағы уақытта ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсетуді жоспарлы түрде жүргізіп отыру, кездесулер ұйымдастыруды айтып өтті.  Ұлдар мен қыздарға арнайы тәрбиелік кеңестер айтылды. Сабақтан тыс бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуге шақырды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив