05
май
2023
“МЕЙІРІМ - ЖҮРЕКТЕН”
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ те қалалық айлық жоспары негізінде мектеп 1-11 сынып оқушыларына
“МЕЙІРІМДІЛІКТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!” атты тақырыпта ата-аналармен кездесулер,
7 мамыр “Отан қорғаушылар” күні мен
“Ұлы Жеңіс күні” мерекесіне арналған бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатқа мектептің ата-аналары, ата-ана комитеттері, әкелер, аналар ұйымының мүшелері қатысты.
Оқушыларға мейірімділік, жанашырлық, адалдық туралы әңгіме-сұхбаттар берді. Бір-біріне мейірімді болуға шақырды.
Мейірімділік туралы бейнероликтер көрсетілді, оқушылар алған әсерлерін ортаға салып талқылады. Мейірімділіктің не екенін, қайдан пайда болатыны туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Сұрақ-жауаптар жүргізілді. "Мейірімділікті өзіңнен баста"деген тақырыпты оқушылар топ болып қорғап түсіндірді. Соңында ата-ана мен оқушылар сынып сағатынан алған әсерлеріне кері байланыс жасады.


