Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » “МЕЙІРІМДІЛІКТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!”
06
май
2023

“МЕЙІРІМДІЛІКТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!”

 6 А, Ә, Г, 5 Ә сыныптарының сынып жетекшілері Айтаева М.М., Жандарбаева Г.Р., Көшерова А. Ұйымдастыруымен "Мейірімділікті өзіңнен баста" атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатқа ата-аналар  Садыкбекова Гүлназ Дарханқызы мен Темірбекова Гүлжан  қатысып, оқушыларға мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық туралы әңгімелеп берді. 
   Мейірімділік туралы бейнеролик көрсетіліп, тақырып төңірегінде талқылау жасады. Мектеп мұғалімі  Кудрявцева Марина Борисовна  мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктеме берді.   
Оқушылар мейірімділік туралы өз ойларымен бөлісіп, тақырыпқа сай өлеңдерін оқыды. Ал мектеп психологі Абдикеримова Гүлшахар Иманбайқызы қатысушылармен қызықты сергіту сәтін өткізді. Сынып сағаты соңында оқушылар алған әсерлеріне кері байланыс жасады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив