Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
13
май
2023

“АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС”

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте, Шымкент қаласы білім басқармасы қала әкімінің 2023 жылғы 31 наурыздағы №29 өкіміне сәйкес 12.05.2023 күні «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбы бойынша қалалық сейсможаттығулары өткізілді. Әл Фараби ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Жанғали Аяпов оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қалалық сейсможаттығуды өткізу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша оқушылар арасында нұсқаулықтар өткізілді.
1-11 сынып оқушылар арасында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер», «Алғашқы көмек көрсету түрлері», «Жер сілкінісінің зардаптары» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  АҚ жауапты маман Ұ.Алиев мектеп директоры Б.С.Наурызбаевқа мектептің түгел қауіпсіз жерге шығарылып, эвакуация жасалғаны, жарақат алған оқушы мен қызметкерлердің жоқтығы туралы рапорт берді. Мектеп директоры Б.С.Наурызбаев оқушылар мен қызметкерлердің Азаматтық қорғаныс жаттығуы іс-әрекетіне оң бағасын берді, адам өмірі - ең басты байлығымыз екенін ескертті.Оқу-жаттығудың түсіндірме жұмыстары өте жоғары деңгейде өткізілді.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив