Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
10
август
2023

"10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ"

Бүгін – «Абай күні».  10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні.
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиеті және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.
 Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан⤵️
📚Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді. Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі күні алға қойған міндеттердің бірі. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.
Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ардағы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы мойындаған дара тұлғаны қай жағынан әспеттесек те, біздің елдік, ұлттық парызымызды орындағанымыз деп білеміз! Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды мəн-маңызы жоғары, рухани мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!с 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив