04
февраль
2025
Біздің мақтанышымыз!
MEYRAM KINOSTUDIASY-ның 7”В”сынып оқушысы Азтаева Жарқынайды марапаттауға келген сәті.Сынып жетекшісі:Акмарал Туленова
АЛҒЫС ХАТ
Құрметті Азтаева Жарқынай
“MEЙРАМ” балалар киностудиясының “Ажыраспаңдаршы” атты YouTube жобасында ерекше образын жоғары дәрежеде алып шығып, өзіңді белсенді көрсеткенің үшін саған шын жүректен алғыс айтамыз!
Сенің осындай жетістіктерге жеткенің бізді шабыттандырады. Алдағы уақытта да осылай жарқырап, биік белестерден көріне бер. Жаңа жобаларда кездескенше!
Бас директор: Ақадылов М.
Директор: Омаралы Н.
MEYRAM Мейрам балалар киностудиясының
АЛҒЫС ХАТы
Құрметті №17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектеп директоры Наурызбаев Бақытжан Спабекович!
“Мейрам балалар киностудиясы” атынан Сізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің мектептің қолдауымен біздің жобаларымызға қатысқан Азтаева Жарқынай өз дарыны мен ерекше қабілетін көрсетті. Оның шығармашылыққа деген құлшынысы бізді тәнті етті.
Бұл жетістіктердің артында Сіздің балаларға деген қамқорлығыңыз бен олардың дамуына жасаған зор еңбегіңіз тұр. Сіздің жетекшілігіңіздегі мектеп дарынды жастардың өнерге қанат қаққан мекеніне айналған.
Сізге және ұжымға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Бас директор: Ақадылов М.
Директор: Омаралы Н.
Төмендегі сілтеме арқылы фильмді тамашалауға болады.



