РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "КӨКТЕМ-2025" КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласы Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінің 06 ақпан күні сағат 09: 00 -де "Көктем-2025" "Су тасқыны" тақырыбында оқу - жаттығу және 17 (ЭЖП) эвакуациялық жинақтау пунктінің дайындық жұмыстары жүргізілді.

Эвакуациялық жинақтау пунктінің жұмыс барысында жауапты мамандар өздеріне қатысты топтың жұмысын ұйымдастырды:

Анықтау орны

Тіркеу орны

"Ана мен бала" бөлмені

Медициналық көмек беру бөлімі

Қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімі

Көлікпен қамтамасыз ету топ бөлімі

Эшелон қамтамасыз ету топ бөлімі

Республикалық "Көктем-2025" штабтық-командалық оқу-жаттығу барысында барлық сыныптарда "СУ ТАСҚЫНЫ" тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.