04
апрель
2023
ЕЛДІҢ СЫНЫ- БІРЛІК, БАТЫР СЫНЫ- ЕРЛІК
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде Т.Қауымбаевқа 100 жыл толуына орай «ЕЛДІҢ СЫНЫ- БІРЛІК, БАТЫР СЫНЫ- ЕРЛІК» атты патриоттық бағыттағы кеш өтті. Кеш барысында Қауымбаевтың өмірбаяны жайлы баяндама оқылды, кешіміздің қонағы Шымкент қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы қарулы күштер ардагерлер қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиялының төрағасы Полковник Онбаев Серікбай Мейірбайұлы оқушыларға қызмет жолы мен елеулі оқиғаларын бөлісіп сұрақ-жауап алмасты. Кеш соңында Серікбай ағамыз оқушыларымызға батасын берді.


