13
январь
2023
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ АЛДЫНДА МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің отырысы ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Наурызбаев Бахытжан Спабекұлы 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығының оқу - тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар есебін баяндады. Білімі сапасын 44,2 пайыздан 48,8 пайызға көтерілгенін оқу,спорт, өнер бағыттарындағы оқушылар мен ұстаздардың жетістіктері, әлеуметтік көмек көрсету мониторингі, ыстық тамақ сапасы, жұмсалған қаржы мен жоспарланған қаржы туралы нақты айтып өтті.
Екінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сарсенов Хайрулла Амантаевич сөз алып, 2022-2023 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары, алдағы уақытта жоспарлар мен ұсыныстарын айтты. Мектептің дамуына әсер ететін жайттар туралы әр түрлі мәселелер талқыланып, шешімін тапты. Қамқоршылық кеңесі мектеп ұжымының жұмысына өте жақсы деген баға берді, алдағы уақытта табысты болуға, жетістіктеріміздің көбеюіне сәттілік тіледі.
