Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
18
май
2023

"МЕЙІРІМ - ЖҮРЕКТЕН"

Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те құқықтық айлық жоспар негізінде онлайн әрі оффлайн форматта Жалпы ата-аналар жиналысында келесі сұрақтар тыңдалды:
1. Қалалық "Мейірім-жүректен" құқықтық айлық жоспары негізінде атқарылып жатқан жұмыстар.
2. "Бақытты отбасы - Бақытты бала -Бақытты қоғам" психологиялық тренингі
3.  Үштік Одақ жұмыс жоспары негізінде жастар мен оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау барысынды бірлескен жұмыс.
4. Әр түрлі мәселелер.
Жалпы ата-аналар кеңесінің төрайымы Г.Абдыкадирова күн тәртібін жариялады. ТІЖДО С.Р.Жапбаркулова 25 сәуірден бері атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, Отбасы - Оқушы - Мектеп болып бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды, қойылған сұрақтарға жауап берді. Мектеп инспекторы Д.Тешебаев сөз алып, оқушылар арасында буллинг, кибербуллинг, басқа да құқықбұзушылықтың алдын алу үшін атқарылып жатқан қалалық шараларды айта келіп, жұмыс нәтижесін беру үшін отбасыда оқушы дұрыс тәрбие алу керектігін ескертті. Мектеп психологтары Г.Абдикеримова мен Ш.Ділдабекова "Бақытты Отбасы - Бақытты Бала- Бақытты Мектеп" атты психологиялық тренингін өткізді, барлық ата-аналар мен сынып жетекшілерге позитивті көңіл-күй сыйлады. ТІЖДО М.А.Жуманова сөз алып, Үштік Одақ жұмыс жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп отырғанын, ары қарай бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды. Мектеп директоры Б.С.Наурызбаев жиналысты қорытындылай келе, буллингті алдын ала анықтау мақсатында арнайы жоба ретінде "komek365.com/shool-lermontov" платформасымен QR-кодты ілу арқылы жұмыс атқарылып жатыр, нәтижесі жақсы болса келесі оқу жылында тағы жалғасатынын айтты. Шешім қабылданды:
1. Қалалық "Мейірім - жүректен" құқықтық айлық жоспары сәйкес өткізіліп жатқан жұмыстар туралы есепке оң баға берілді.
2. Үштік Одақ жұмысын жандандырып, бірлесіп жұмыс атқару жоспарланды.
3. Буллингтің алдын алу бойынша қабылданған жаңаша жұмыстар жалғасын тапсын.
4. Жастар мен оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда отбасыдағы нәтижелі тәрбие беру ескерілсін, жазғы уақытта, мектептен тыс уақытта оқушының іс-әрекетіне  ата-ананың жауапкершілігі көтерілсін.
Жиналыс өз мақсатына жетті.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив