22
май
2023
МЕЙІРІМ - ЖҮРЕКТЕН
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те құқықтық айлық жоспары негізінде "Заң - қоғамның негізгі тірегі" тақырыбында мектеп инспекторы Д.Тешебаев, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Н.Қожабекова, Жалпы ата-аналар кеңесінің төрайымы Г.Абдыкадирова, мектеп директоры Б.Наурызбаев қатысқан құқықтық кеңес беру, дөңгелек үстел басында оқушының құқықтары мен міндеттері талқыланды. Пікірталас барысында Мектеп Парламентінің Президенті Д.Шымыр сөз алып, жоғары сынып оқушылары арасында достық қарым-қатынасты сақтау - заман талабы екенін баса айтты.
