Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » 14 НАУРЫЗ - КӨРІСУ МЕЙРАМЫ(Амал мерекесі).
14
март
2023

14 НАУРЫЗ - КӨРІСУ МЕЙРАМЫ(Амал мерекесі).

Бүгін Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінде «Көрісу мерекесі» аталып өтті.  Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттілерін қосып  қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. Мерекеге ата-аналар, ұстаздар, оқушылар белсене қатысты.   










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив